08
қараша
2022
“Қауіпсіз интернет" тақырыбындағы дәріс
8.11.2022 күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтықтар мен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі 2022 жылға арналған бірлескен іс-шаралар кешенін іске асыру шеңберінде (34-т.) “Қауіпсіз интернет" тақырыбында мектептің 5-11 сынып оқушылары үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Дәрісті Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру Департаментінің өкілі Мырзахан Жақсылық және Мирзаханов Абылай өткізді. Оқушылар сұрақтарына жауап алып, ой бөлісті. Дәріс директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Жоламанова мен сынып жетекшілерінің қатысуымен өтті.