02
наурыз
2021
Абайдың 15-қара сөзi. Мектебіміздің ютуб каналындағы бейнесабақ. 4 "А" сынып жетекшісі Тажибаева З.
Бастауыш сынып мұғалімі Тажибаева Замзагул Ержегитқызы.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет.Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі — оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Білім беру жүйесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технология мүмкіндіктерін мектебіміздің мұғалімдері жатсынбай қабылдап, қазіргі таңда өз тәжірибелерімен бөлісуде. Мектеп директоры Турумбетов Нурғали Асанұлының қолдауымен Бастауыш сынып мұғалімдері өз сабақтарына бейнероликтер жазғызып, әлеуметтік желілер мен сайттарға таратуда. Назарларыңызға ссындай шығармашыл ұстаздарымыздың бірі Тажибаева Замзагул Ержигитқызының "Абайдың 15-қара сөзі" тақырыбына түсірілген бейнесабағын ұсынамыз. Бейнесабақтардың оқушылар үшін пайдасы зор екендігі белгіл. Алдағы уақытта Замзагул апайымызға шығармашылық табыс тілейміз.