Стилист- дизайнер Шарипова Жұлдыз Берікқызының шеберлік сабағы
Қыздарға әсемдік жарасады. 04.10.2022 күнгі, сынып сағатында ата-анамыз, стилист- дизайнер Шарипова Жұлдыз Берікқызы және көркем еңбек мұғалімі А Тойлыбаева 7 "Ә" сынып қыз балаларына ұлттық бас киімді әрлеудің құпиясын үйретті. Қыздарымыздың қолөнерге деген қызығушылығы артып, өздері әсемдеген тақияларын үйлеріне киіп қайтты. Кесте тігу, тоқыма тоқу, инені ұстау, бұйымдарды әрлеу-қазақ қыздарына жарасымды іс. Пайдалы істі үйреткен ата-анамызға алғыс білдіреміз Сынып жетекшісі: Садыкова А.Р.