21
сәуір
2021
"Чернобыль үрейі" танымдық сабағы
Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа бүгін, сәуірдің 26-сы күні 35 жыл толады. Бұл — келтірген залалы мен салдары жөнінен ХХ ғасырдағы ең ірі техногендік радиациялық апат.Чернобыль атом электр станциясындағы 1986 жылғы 26-сәуірдегі апатты жоюға 600 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде химиялық қорғау полкі құрамындағы 32 мың қазақстандық болды. Украин халқы Чернобыль апатының зардабын жоюшылардың бәріне әлі күнге зор ризашылықпен алғыс айтады. Олар өз денсаулығы мен өмірін қиып, украин халқының басына ауыр күн туғанда қасынан табылып, көмек көрсетті.
Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан мыңдаған біздің отандастарымыздың ерлігі мен жігері болмаса, апаттың ауқымы одан да үлкен болуы ықтимал еді. Олар өмірлерін, денсаулықтарын пида етіп, өз борыштарын орындады, адамдарды радиацияның зиянды әсерінен қорғады, радиацияның әрі қарай таралуына тосқауыл болды.

Мектебімізде осы қайғылы апаттың орын алғанына 35 жыл өтсе де апат салдары әлі күнге дейін ел есінен кете қоймағандығы туралы сынып оқушылармен танымдық сағаттары өткізілді.