Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » аудандық, қалалық, республикалық "Абай оқулары" байқауы мен республикалық "Абайтану" олимпиадасының жеңімпазы

05
маусым
2021

аудандық, қалалық, республикалық "Абай оқулары" байқауы мен республикалық "Абайтану" олимпиадасының жеңімпазы

    Мектебіміздің 10 - сынып оқушысы Асанова Ақтоты - көркем сөз шебері, бес тілді меңгерген polyglot, мектепшілік іс шаралардың белді жүргізушісі. Асанова Ақтоты - аудандық, қалалық, республикалық "Абай оқулары" байқауы мен республикалық "Абайтану" олимпиадасының жеңімпазы.
    Тұла бойы дарындылық пен даралыққа толы оқушымыздың қазіргі жетістіктері өзінің еңбекқорлығы, қабілетінің жоғарылығы және жан -жақты ізденімпаздығының арқасы. Ақтоты өзін заман талабына сай жан-жақты жетілдіруде еш ерінбейді және болашағына деген қадамы зор. "Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты" болады демекші, талантты оқушымыздың биік белестерді бағындыруында ұстаздарының да еңбегі зор.Таудай талабы бар, ізденімпаз шәкіртімізді әрқашан қолдаймыз және мақтан тұтамыз.
    Ұлы тұлғалардың шығармашылығын дәріптеу, насихаттау, олардың мұрасы арқылы жастардың бойында елжандылық қасиетті қалыптастыру мақсатында Бостандық ауданы мектептері арасында Абай, Жамбыл, Мұқағали жырларын оқу челленджінде Ақтоты да белсенді қатысып, өз үлесін қосты. Аталған іс шара өскелең жас ұрпақты ел мен жерге, тіл мен мәдениетке деген сүйіспеншілікттерін арттырып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бастайды. Ұлы тұлғаларды терең танып, олардың шығармаларынан тәлім-тәрбие алуға жетелейді. Сондықтан бұл бастаманың маңызы зор.
    Дарынды шәкіртіміз, Ақтотыға жарқын болашақ, мықты денсаулық тілейміз.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: