28
қаңтар
2021
Халықаралық BRITISH BULLDOG жеңімпазы Тілеуберді Зере
Дана халқымыз «Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің» деп бекер айтпаған. Яғни, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында тіл білудің артықтығы жоқ. Күннен күнге қарыштап жатқан жаңа технологияларды игерудің ең бірінші жолы – тілді меңгеру.
«Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекетік тіл – мемлекет құрушы ұлттық тілі, ал орыс тілін білуі – ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз. Ал қазақ тілі барлық Қазақстанды біріктіріп, жақындастырып өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді», - деп Елбасымыз айтып өткендей әлемдік ғылым тілін меңгеру басты қажеттіліктердің бірі болып табылады.
Көп тілді білу – заман талабы. Қазақтың ұлы ақыны Абай: «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді» десе, «Қанша тіл білсең – сонша рет сен адамсың», - деп А.П. Чехов бекер айтпаса керек. Тіл білген адам қор болмайды. Ел мен елді, халық пен халықты байланыстыратын көпірдің бірі де осы – тіл. Сол көпірді сақтап қалу үшін бір-бірінің тілін меңгеруі керек. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте». Жастар, болашақ ұрпақ өзге тілді білу арқылы өз тілімізді әлемдік аренаға шығаруымыз керек деп қызығушылық танытатын оқушыларымыз бүгінгі таңда көптен көп танылып жатыр. Соның тағы да бір дәлелі № 81 мектеп-гимназияның 6 "Ә" сынып оқушысының Халықаралық BRITISH BULLDOG ойын-байқауындағы жеңісі. Ағылшын тілінен өткен осы ойын-байқауына қатысып Тілеуберді Зере ІІ орынды жеңіп алды. "Шәкірттеріңіз оза берсін!",- деп жетекшісі әрі пән мұғалімі Садуақас Жумагул апайға ақ тілегімізді білдіреміз.