"Күн шуақ" республикалық фестиваль-байқауының жеңімпаздары
Қашықтықтан ұйымдастырылған "Күн шуақ" республикалық фестиваль-байқауының "Вокал" жанрына қатысып, талантты әншілеріміз 7 "А" сынып оқушысы Салыбек Сая "ГРАН ПРИ"-ді, 3 "Ә" сынып оқушысы Бақытжан Семанұр мен 4 "Б" сынып оқушысы Ерік Айзере І орынды, 5 "А" сынып оқушысы Аманжол Адия мен 7 "А" сынып оқушысы Жанахмет Үкілім ІІ орынды иеленді. Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз. Талаптарыңа нұр жаусын. Жетекшісі, музыка пәні мұғалімі: Султанова А.У