Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Есірткіге қарсы күрес» тақырыбында 9-10 сынып оқушыларына семинар

17
қаңтар
2023

«Есірткіге қарсы күрес» тақырыбында 9-10 сынып оқушыларына семинар

   17.01.2023 күні, «Есірткіге қарсы күрес» тақырыбында 9-10 сынып оқушыларына семинар өтті.
Алматы қаласы (ПД ЕҚҚІҚБ) Полиция Департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полиция майоры Досболова Сулушаш Акылбековна оқушыларға есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелтуге қатаң қылмыстық жаза қарастырылғанын ескертті.
Профилактикалық дәріске мектеп инспекторы Бостандык АПБ ЖПКБ ЮПБ полиция ага лейтенанты Рахматулина Раушан Далелханкызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ж.Жоламанова, А.Усенова және Алматық қалалық наркологиялық орталығынығ нарколог-дәрәгер маманы: Трубникова Анна Александровна қатысты.
Бүгінде елімізде ғасыр дертіне айналған есірткі саудасы мен оның заңсыз айналымы белең алып тұр. Осы орайда «Қаламызда нашақорлыққа қарсы күрес жөнінде қандай шаралар жүзеге асып жатыр?», «Заңсыз есірткі саудасымен айналысқандарға қандай жаза қолданылады?» «Нашақорлықтың қалай алдын алуға болады?» және өзге де сұрақтар төңірегінде полиция майоры Досболова Сулушаш Акылбековна түсіндіру жұмысын тарын жүргізді.
Мұндағы мақсатымыз-бүкіл әлемді жайлаған, бүкіл қоғамның дертіне айналған есірткінің алдын-алу, жасөспірмдердің бойын есітркіден аулақ ұстауға тәрбиелеу. Адамның есін шығаратын нашақорлықты жою әрине ауыр міндет. Ал, онымен бірлесе күресу әрбір қоғам мүшесіне тиесілі. Бұл жайында жиында барынша баяндалды. Салауатты өмір салтын кеңінен насихаттаудың маңызы зор. Нашақорлық пен құмарлықтың алдын алудың ең қолжетімді тәсілі – өскелең ұрпақтың бойында білім беру мекемелерінде есірткіні қолдануға теріс көзқарас қалыптастыру.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: