Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Нашақорлыққа жол жоқ!» профилактикалық тренинг

17
қаңтар
2023

«Нашақорлыққа жол жоқ!» профилактикалық тренинг

   Нашақорлық – есірткі заттарына паталогиялық құмарлық. Нашақорлық– бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің тұзағына түсіп қалған адамдар көбейіп келеді. Нашақорлық–жеке тұлғаның толық бұзылуы. Нашақорлықты емдеумен айналысатын мамандар оны «биопсихоәлеуметтік рухани» бұзылыс деп атайды. Яғни, есірткіге тәуелді адам бірте-бірте өзін-өзі сыйлауды жоғалтады: өзінің адамгершішік қасиеттерін жояды, психикасы қалыпты болмайды, достарынан, отбасынан айырылады, мамандық ала алмайды және қоршаған адамдарға, өзіне зиян келтіреді.
Ең негізгісі – есірткі және психотроптық заттарға қол жетімділік. Бұған дәлел күн сайын әр-түрлі есірткі немесе психотроптық заттармен ұсталғандар жәйлы ақпарттар. Есірткі заттарды қолданатындардың басым көпшілігіне — мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар жатады. Өйткені жасөспірімдер еліктегіш келеді, сондықтан бір рет есірткіні қолдансам ештеңе ете қоймас деп, қалай нашақор болғанын білмей қалады.
Осындай жағдай орын алмау мақсатында 17.01.2023 күні, Алматық қалалық наркологиялық орталығының нарколог-дәрігер маманы: Трубникова Анна Александровна 9-10 сынып оқушыларымен «Нашақорлыққа жол жоқ!» профилактикалық тренинг өткізді. Арнайы бейнефилмдер көрсетті. Нашақорлықтың қауіптілігін дәрігер тілімен түсіндіріп, балаларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Профилактикалық тренингке мектеп инспекторы Бостандык АПБ ЖПКБ ЮПБ полиция ага лейтенанты Рахматулина Раушан Далелханкызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ж.Жоламановағ А.Усенова және Алматы қаласы (ПД ЕҚҚІҚБ) Полиция Департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полиция майоры Досболова Сулушаш Акылбековна қатысты.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: